Өнер • Кеше

Сахнада – «Салтанат»

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Ел салтанаты» атты мерей­той­лық концерт өтті. Іс-шара «Салта­нат» мемлекеттік би ансамблі­нің 70 жыл­дығы мен Қазақстан халқы Ассамблея­­­сының 30 жылдығына арналды.

Сахнада – «Салтанат»

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жолдаған құттықтау хатын Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов оқып берді.

«Алғаш құрылған күннен бастап-ақ ансамбль еліміздің мәдени кеңістігінде елеулі орын алып, төл өнерімізді әлемге таныту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осылайша, қазақ би өнерінің қара шаңырағы сан ұрпақтың рухани темірқазығына айналып, ұлттық болмысымыз бен мәдени құндылықтарымызды би тілінде сөйлете білді», делінген министрдің құттықтауында.

Концерт ұлттық хореографияның таңдаулы үлгілерін және түрлі этномәдени дәстүрлерді тоғыстырған көркем өнер мерекесі болды. Ансамбль жаңартылған концерттік бағдарламасында классикалық қазақ билері мен әлемдік хореогра­фияның үздік қойылымдарын ұсынды.

Кештің ерекше атмосферасын құрметті қонақтардың өнері толықтыра түсті. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі, «Қазақконцерт» РМКҰ-ның «Бірлік» ән-би ансамблі, әйгілі «Гүлдер» ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі және «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымдары мерекелік кештің сәнін келтірді.

Соңғы жаңалықтар