Қоғам • Кеше

Жидебайдағы саятшылық сайысы

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті.

Жидебайдағы саятшылық сайысы

Хакім Абайдың 180 жыл­дығына орай ақынның туған жері – Абай ауданының Жидебай қорығы аумағындағы «TauKum» этно ауыл кешенін­де ұйымдастырылған бүр­кітшілер бәсекесінде еліміздің 9 облысы мен 3 қаласынан 70-ке жуық бүркіт, 14 ителгі мен 15 қаршыға сайысқа түсті. Екі күнге созылған тартысты сайыста құмай тазы жарысы да болды.

Турнирдің ашылу салтанатында Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов қаты­сушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Абай облы­сының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақыт Бекбосынов пен бас төреші, Республикалық құсбегілік федерациясының вице-президент, Бағдат Мүптекеқызы салбурын сайысының ерекше­ліктеріне тоқталды.

«Бұл іс-шараның мақ­саты – бабадан мирас бол­ған саятшылық дәстүрін жаң­ғырту, туризм тарту, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау және жас буынға биік рух пен төл мәдениеттің мәнін жеткізу. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады, үздік құс­бегілер мен тазы иелері анық­талатын болады», деді ол.

Осылайша, ұлттық құнды­лықтарымызды ұлықтап, салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге арналған іс-шараның жабылу салтанатына облыс әкімі, Республикалық құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли қатысты. Шымкент қаласының мәдени күндері аясында облысымызға келген делегация өкілдері де өңір басшысымен бірге сайыс­тың марапаттау рәсімінде болды.

Бүркітшілер сайысында астаналық Ерасыл Серікбек Қарашолақ атты құсымен 1-орынды иеленді. Қаршыға бәсекесінде Жамбыл облысынан келген Берікболсын Бабажан жеңімпаз атанды. Құсының аты – «Қанжар». Ител­гі жарысында Бабажан Бақдәулет «Қаракөз» атты құсы­мен жеңіске жетті. Ал «Құ­май тазы» додасын­да Үржар ауданының қатысу­шысы Рахат Ақылжанов топ жарды.

Салтанатты жиын­да дәс­түр­лі әнші, жыршы, Қа­зақ­­стан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Айгүл Елші­баева, Қазақстанның мәде­ниет қайрат­кері Өмірқұл Айниязов өнер көрсетіп, әннен шашу шашты.

Аталған іс-шара аясында Жапонияда өткен ХХV Сурд­лимпиада ойындарында дзюдодан қола медаль иеленген жер­лесіміз Алтынбек Кәкітаевқа Абай ауданы тұр­ғындары атынан автокөлік, жаттықтырушысына сертификат табыс етілді.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар