Руханият • Бүгін, 20:11

«Адамзаттың алыбы – Абай» атты апталық өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың алыбы – Абай» атты республикалық апталық аясында «Абай Құнанбайұлы мұрасы және цифрлық өркениет: ғылым, білім, руханият тоғысындағы жалпы адамзаттық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми форум өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Адамзаттың алыбы – Абай» атты апталық өтті

 

Абайдың 180 жылдығына орай өткен ұйымдастырылған форумның негізгі мақсаты – хәкім Абайдың рухани мұрасын заманауи цифрлық дәуір сұраныстарымен сабақтастыра отырып, жаңа ғылыми деңгейде зерделеу. Жиында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, көрнекті қаламгер Мереке Құлкенов сөз сөйлеп, Абай мұрасын жаңа технологиялық ортада қайта пайымдаудың маңызына тоқталды.

«Абайды тану – ұлтты тану. Абайды ұғыну – мемлекет дамуының рухани бағдарын анықтау. Қазір әлем жасанды интеллекттің ықпалындағы жаңа өркениетке аяқ басты. Осындай кезеңде Абай сөзін цифрлық таныммен байланыстыра зерттеу – уақыт талабы. Егер біз хәкім ойларын жаңа технология тіліне түсіре алмасақ, Абай сөзі болашақ ұрпақ санасынан біртіндеп алыстауы мүмкін. Сондықтан Абайды цифрлық кеңістікке енгізу – рухани қауіпсіздігіміздің де кепілі, – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы.

Форум аясында ғалымдар Абай шығармаларын цифрлық талдау, виртуалды педагогикалық платформаларға енгізу, нейрожелілік модельдерде пайдалану жөніндегі өз ұсыныстарын ортаға салды.