Өндіріс • Кеше

Атыраудағы ірі құрылыс жобаларының тұсаукесері желтоқсанда өтеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Техол» компаниялар тобы Атырау қаласын жаңғыртуға бағытталған бірнеше ауқымды жобаның тұжырымдамасын жуырда көпшілікке таныстырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы ірі құрылыс жобаларының тұсаукесері желтоқсанда өтеді

Фото: Petro_Council

Жыл соңына қарай холдинг басшысы Шота Абхазава бұрын жариялаған итальяндық сәулетшілер әзірлеген Атырау трансформация жобасының тұжырымдамасын ұсынады.

Petro_Council арнасының хабарлауынша, Атырауда жүзеге асырылуы мүмкін бірқатар ірі нысанның алдын ала жобалары белгілі. Олардың қатарында:

  • Бұрынғы «Ақ-Жайық» қонақүйінің орнына салынатын көпфункционалды кешен;
  • Самал шағын ауданында бой көтеретін ірі сауықтыру-емдеу орталығы;
  • Әуежай маңында Formula-1 жарыстарын өткізуге арналған кәсіби автодром және оған іргелес инфрақұрылым бар.

Алдын ала ақпарат бойынша, бұл жобалардың ресми таныстырылымы желтоқсан айының екінші жартысында өтеді.