Спорт • Бүгін, 08:18

«Таң қалып отырмын»: Әлімханұлы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестілеуден өте алмағаны туралы ақпаратқа өз таңданысын білдіріп, қайта талдау сұратқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таң қалып отырмын»: Әлімханұлы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

«Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

BoxingScene таратқан мәлімет бойынша, боксшының сынамасынан мельдоний анықталғаны айтылды.

Бұған дейін WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалғанын жазған едік.

Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсан күні Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс болған еді.