Қоғам • Бүгін, 08:30

Тұрақтылық пен татулық ордасы

0 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы елорданың көпэтносты қоғамында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Ассамблеяның бас­ты мақсаты – түрлі этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, дамытуға жағдай жасау, елдегі бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру.

Тұрақтылық пен татулық ордасы

Жалпы, Ассамблея елдегі этнос­­аралық татулықты орнық­ты­рудан бөлек, мәдени-ағарту, шығармашылық жұмыстар жүр­гізеді, құқықтық және әлеу­меттік те көмек көрсетеді. Ал бұл жұмыстардың ойдағыдай іске асуын­­­­да елордалық Достық үйі­нің үлесі аз емес. Бұл ұжымды Аста­на қалалық Қазақстан халқы Ассам­блеясының бетке ұстар айнасы деуге болады.

Достық үйінде халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. 2018 жы­лы ашылған елордалық Дос­тық үйі барлық этномәдени бірлес­тік­тердің басын біріктіретін ақпа­раттық-әдістемелік және мәде­ни орталыққа айналған. Мұнда 23 этномәдени бірлестік, 10 этно­лингвистикалық мектеп, Қоғамдық келісім кеңесі, Медиация каби­неті, Аналар мен Ақсақалдар кеңес­тері, шығармашылық ұжым­дар, «Ассамблея жастары» қала­лық штабы, «Аналар аманаты» шығармашылық орталығы және «Мәміле» қазақ тіліндегі пікір­сайыс клубы жұмыс істейді.

Астана қаласы ҚХА бойынша хатшы­лы­ғының бас маманы Жан­на Абдуалидің айтуынша, елор­даның Достық үйі бүгінде есігін жұртшылыққа кеңірек ашып, аста­налық қоғам өмірінің маңызды орта­лығына айналған.

ап

– Биыл жұмысын бастағанына сегіз жыл толған бұл мекеме қала­ның саяси-әлеуметтік дамуына, өзекті мәселелерді талқылауға, мемлекеттік органдармен бір­лес­кен форумдар мен дөңгелек үстелдер өткізуге айрықша үлес қосып келеді. Достық үйінде көптеген шығармашылық ұжым, клубтар мен кеңестер, ғылыми-сараптама тобы тұрақты жұмыс істейді. Айлық жоспарға көз жүгіртсек, мекеменің іші бір күн де бос тұрмайды. Бұл жерде тек этностардың шығармашылығы емес, өнері мен қабілетін дамыт­қысы келетін кез келген қала тұр­ғынына да мүмкіндік берілген. Сегіз жыл ішінде Достық үйі көптеген мәдени және әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырды, – дейді Ж.Абдуали.

Ол сондай-ақ мұндағы этно­мәдени шы­ғармашылық ұжым­дардың жұ­мы­сында да тыным жоқ екенін атап өтті.

– Ән және би ансамбльдері, түрлі музыкалық аспапта ой­найтын топтар, әжелер хоры – қаланың барлық мерекелік шараларына белсенді қатысады. Қала әкімдігінің қолдауымен этно­мәдени бірлестіктер респуб­ли­калық және қалалық іс-шара­ларға жүйелі түрде тартылып, мерейтойларға орай марапат­тармен де атап өтілді. Ассамблея­ның 30 жылдығы қарсаң­ында Достық үйі этнос өкіл­дерінің орталығы ғана емес, шын мәнін­дегі достық пен бірліктің рәмізі екенін дәлелдеп отыр. Бір шаңы­рақ астында түрлі мәде­ниетті біріктірген бұл мекеме елор­дадағы этносаясаттың көп­салалы әрі үй­лесімді жүзеге асуы­на жол ашып келеді, – дейді Астана қаласы ҚХА бойынша хатшы­лы­ғының бас маманы Жан­на Абдуали.

Достық үйі құрылымында 56  шығар­ма­шылық ұжым бар екен. Олардың бе­сеуіне «халықтық» атағы берілген. Бұл елор­далық этно­­мәдени орталықтардың кәсі­би деңгейінің жоғары екенін көр­сетіп отыр.

Ассамблея жыл сайын көп­ші­лікке арналған тағылымды да танымдық мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырып отырады. Атап айтқанда, Наурыз мейрамы, Алғыс айту күні, түрлі фестивальдар, көрмелер мен концерттер – бәрі-бәрі этносаралық достықты дәріптеп, ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықтың салтанат құруына септігін тигізіп келеді.

«Жомарт жан» үйлестіру орта­лығы және этномәдени бірлес­тіктер аз қамтылған және көпба­лалы отбасыларға, қарттарға, мүм­кін­дігі шектеулі жандарға тұрақты түрде көмек көрсетіп отырады екен. Былтыр еліміздің бірнеше облысында болған су тасқы­нынан болған төтенше жағдай кезінде де елордада жедел штаб құ­рылып, қажет заттар жиналып, зардап шеккен өңірлерге жіберілді.

Достық үйінде Астана қалалық ҚХА жанындағы Этно­медиация орталығы жұмыс істей­тінін естіп, көңіл жайланды. Бұл қоғамдағы дауларды сотсыз шешуге ықпал ететін тетік екенін ескерсек, этносаралық мәселеде медиацияның алар орны айрықша. Бүгінде қала бойынша 8 қоғамдық медиатор тіркелген екен.

Орталық жетекшісі Роза Бекішеваның айтуынша, Этно­ме­диация орталығы биыл құрылып, бұрынғы медиация кабинетінің негізінде жұмысын бастаған.

– Достық үйінде түрлі этнос­тардың өкілдері қызмет атқара­тын­дықтан, кейде тұрмыстық немесе жұмыс барысындағы дау­лар мен түсінбеушіліктер туындауы мүмкін. Орталықтың негізгі мақсаты – мұндай мәсе­лелерді сотқа жеткізбей, тараптарды татуластыру, келісімге келтіру. Қазір медиация инсти­­туты елімізде қарқынды да­мып келеді. Ал Астанадағы этно­­­­медиация орталығы этнос­тар­­­ға мәдени және тілдік ерек­ше­лік­­терді ескере отырып кө­мек көр­сетумен ерекшеленеді. Бүгінде Ассамблея құрамын­да 28 медиатор бар. Олардың бесеуі – арнайы курс­тардан өткен, сертификаттары бар кә­сіби медиатор. Сонымен қатар 13 қоғамдық медиатор жұ­­мыс істеп келеді. Қалғаны – әр этнос­тың өкілдері, олар тілді білу деңгейіне қарай көмек көр­сетеді, – дейді Р.Бекішева.

Орталық тек дауларды шешіп қана қоймай, семи­нар­­­­лар, тре­нингтер, курс­тар өткізіп, медиа­тор­лардың кә­сіби біліктілігін арттыру сынды ақпараттық-ағартушылық бағытта да жұмыс жүргізеді екен.

Қысқаша айтқанда, Этно­ме­диация орталығы қоғамдағы дау­ларды келісім арқылы шешетін тату­ластыру алаңы, этнос­тар ара­сындағы ынтымақ пен түсіністікті нығайтуға бағытталған ұйым ретінде өз жұмысын жоғары дең­гейде атқарып келеді.

Сондай-ақ мұндағы «Мәміле» клубы этностар арасында қазақ тілін үйренуді ынталандырып, еркін сөйлеу дағдыларын қалып­тастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Айрықша айта кетерлігі, Дос­тық үйі халықтық дипломатия алаңына да айналған. Мұнда Бол­гарияның вице-президенті Илияна Йотова, Нельсон Манделаның немересі Ндилека Мандела, Сингапур президенті Халима Якоб, Ита­лия, Ресей, Армения, Өзбекстан, Бе­ла­русь, Польша, Башқұртстанның рес­ми деле­га­циялары және басқа да елдер­дің өкіл­дері қонақ болған екен. Бұл – елор­да­лық Ассамблея жұмы­сы­ның халық­аралық деңгей­де жоғары бағаланатынын көрсетеді.

Достық үйіндегі ANK Live тікелей эфир студиясы мен дыбыс жазу бөлмесін де кіріп, тамашалап көрдік. Онда зама­науи медиаөнімдер әзірлеуге мүмкіндік мол. Мұндағы мамандар кәсіби деңгейдегі подкасттар, бейнежобалар, музыкалық клиптер түсірумен де танымал екен. Қазақтың танымал туындылары түрлі этностардың ұлттық аспаптарында орындалып, жаңа форматтағы мәдени жобалар іске асырылып келеді.

Қорыта айтсақ, Астана қала­сының Қа­зақ­стан халқы Ассамблея­­сы елорда тұр­ғын­­­да­­рын ортақ құндылықтар төңі­­регіне ұйыс­тырып, бірліктің бекем болуы­­­на үлес қосып келеді. Этномәдени орта­лықтар, қайы­­­­рым­­дылық бас­та­­ма­­­ла­ры, мәдени жобалар мен ха­лықаралық байланыстар – елор­даның қоғамдық өмірін байы­тып, еліміздің татулық пен келісімге негізделген саясатын нығайтуға қызмет етіп отыр.