Төтенше жағдай • Бүгін, 19:55

Алматы облысындағы жол апатынан бес спортшы қаза тапты

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы – Бішкек бағытындағы тасжолда қайғылы жағдай орын алды. Бішкекте өткен құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол турнирінен келе жатқан жеті қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысындағы жол апатынан бес спортшы қаза тапты

Көлікте болған спортшылардың барлығы зардап шекті.

Ұлттық сурдлимпиялық комитеттің вице-президенті және жол қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Арсен Шакуов бұл деректі растады.

Қаза тапқандардың аты-жөні:
• Асыл Ибраимов – құлағы естімейтін спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы;
• Дмитрий Мочальский – Сурдлимпиялық ойындар мен Еуропа чемпионатының жеңімпазы;
• Сәкен Смағұлов – құлағы естімейтін футбол құрамасының ойыншысы;
• Сергей Волковинский – ұлттық құраманың ардагері;
• Серік Молдашев – құлағы естімейтін футбол құрамасының мүшесі.

Полицияның хабарлауынша, апат 129-шы шақырымда орын алған. Honda Odyssey маркалы микроавтобус HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, ауыр соққыдан жеті адам оқиға орнында қайтыс болды.