Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Бағдарлама 8 көрсеткішке талдау жасап, бірнеше ауру белгілерін бір уақытта анықтайды екен. Бұған дейін дәрігерлер әр дертті жеке-жеке тексерсе, оқушы әзірлеген жүйеге диагноз қоюға нәбәрі 3 секунд жеткілікті. Осылайша, уақыт үнемделеді, қолжетімді қызмет ұсынылады.
Бағдарлама авторы А.Алмасхан ашық дереккөздердегі 800 адамның медициналық деректерімен тәжірибе жасап, бағдарламаның 80 пайыз дәлдікпен диагноз қойғанын айтып отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір оқушы бағдарламаны жетілдіру үшін команда жинауды жоспарлаған. Алдағы уақытта отандастарымыздың медициналық деректеріне ресми рұқсат пен қуатты компьютер қажет болады. Егер жоба қолдау тауып, кеңейтіле түссе, Қазақстанда медициналық диагностика жаңа деңгейге көтерілуі әбден мүмкін.