«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және МӘМС жүйесі шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарды өндіру кезінде пайдаланылатын импортталатын субстанция мен шикізатты ҚҚС-тан босату жөніндегі Үкімет қаулысының жобасы әзірленді», деп атап өтті ДСМ министр Ақмарал Әлназарова.Сонымен қатар ведомство ауруханаларда отандық тауарлардың сатып алу үлесін ұлғайтуға ниетті. Егер, мысалы, Бірыңғай дистрибьюторда ол 30%-ға жетсе, медициналық ұйымдарда дербес сатып алу тек 10%-ды құрайды. Қабылданып жатқан шаралар салада бар серпінді күшейтуге арналған.