Қоғам • Бүгін, 17:56

Автолизинг бағдарламасы іске қосылып, мөлшерлеме төмендетілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша автолизинг бағдарламасы енгізіліп отыр. Жаңа жүйе – салоннан шыққан жаңа көліктерге ғана арналған, ал, қолданылған автокөліктер бағдарламаға кірмейді. Сонымен бірге бұл – мемлекеттік субсидияланатын жоба емес, нарықтық коммерциялық өнім, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автолизинг бағдарламасы іске қосылып, мөлшерлеме төмендетілді

Фото: depositphotos.com

Бүгіннен бастап елімізде іске қосылған автолизингтің жаңа бағдарламасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жылдық шекті мөлшерлемені бұрынғы 45%-дан 36%-ке дейін төмендетті.

Qazaqstan Media сайтының хабарлауынша, автолизинг – автонесиеден өзгеше формат. Көлік алғашқы жарнасыз, несиесіз, бірақ ұзақ мерзімге жалға беріледі. Келісімшарт аяқталған соң тұтынушыда екі таңдау бар:

- көлікті лизинг компаниясына қайта тапсыру;

- немесе қалған қарызын толық өтеп, көлікті сатып алу.

Лизингтің негізгі ерекшелігі – көлік барлық төлемдер аяқталғанға дейін лизинг компаниясының меншігінде болады. Ал тұтынушы көлікті пайдаланғанымен, оған қатысты барлық тәуекелдер үшін жауапты. Яғни, көлік зақымданса, ұрланса немесе жойылса – шығынды өзі өтейді. Сол себепті клиенттер міндетті түрде сақтандыру рәсімдеуі тиіс.

Шарт талаптарына сәйкес, төлем екі айдан артық кешіксе, лизинг компаниясы көлікті қайтарып алуға құқылы.

Жаңа автолизинг отандастарымызға көлік алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған әрі бұл тетік нарықтағы бәсекені де күшейтеді деп күтіліп отыр.