Елімізде болып жатқан саяси-экономикалық жағдайды, біздер, өнер адамдары да үнемі назарда ұстап отырамыз. Осы күндері ел құлағын елең еткізген Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысын мен де шын көңілмен қолдаймын. Осы ұсыныстың өзі халқымыздың, еліміздің болашағына немқұрайлы қарай алмайтындығының куәсі, Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатына көрсетілген сенім деп білемін. Қазақстандағы сан алуан ұлт пен ұлыстардың мәдени-рухани дамуына жағдай жасалып, қазақ халқымен бірлік пен татулықта бір туғандай өмір сүруінің өзі үлкен ақыл-парасаттылықтың нәтижесі.
Бүгінде егеменді елімізді бүкіл әлем мойындап отыр. Елбасының кемеңгерлігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде еліміз талай қиын кезеңдерден өтіп, дамыған, іргесі берік, беделді мемлекетке айналды. Осы жолда өнер адамдарының өздері де әлемге танылып, Қазақстанды да танытуы – Президентіміздің мәдениет пен өнерге деген ерекше көзқарасы мен қамқорлығының арқасы. Елордада ашылған, ТМД елдері арасында теңдесі жоқ «Астана опера» театры сондай қамқорлықтың бір ерекше көрінісі деп ойлаймын. Осы театрдың жұмысын ұйымдастыру барысында жас мамандарды тартып, олардың біліктілігін көтерудің дүние жүзінің танымал өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату арқылы жүргізілуіне шын жүректен қуанамын.
Сондай-ақ, жастарды қоғамның өркендеп дамуына араластырып, балаларымызды әлемнің танымал білім ордаларынан оқытып жатқанымыздың өзі – ел болашағының кепілі.
Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу қазіргі әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс кезінде еліміздің қиналмауының, халыққа ауыртпашылық түсірмеудің кепілі деп білемін. Бұл – халқымыз үшін жауапты кезең. Сондықтан да, мен Қазақстанның жарқын да бақытты болашағына деген сенімді тек қана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланыстырамын.
Бибігүл Төлегенова,
КСРО халық әртісі, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері.

Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35
Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:25
Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Театр • Бүгін, 12:20
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53