Елорда • Бүгін, 17:47

Астанада жаңа жылдық безендіруге қанша қаржы жұмсалады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жаңа жылдық безендіру жұмыстарына 365 млн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Сонымен қатар өткен жылғы безендіру заттарының бір бөлігі қайта қолданылады, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жаңа жылдық безендіруге қанша  қаржы жұмсалады?

фото: Астана қаласының әкімдігі

Қаланы жаңа жылға безендіруге аудан әкімдіктеріне шамамен 365 млн теңге бөлінді. Қаражат төмендегідей бөлінеді:

  • Байқоңыр, Сарайшық, Сарыарқа, Алматы аудандарының әрқайсысына 50 млн теңгеден;

  • Есіл ауданына– 90 млн теңге;

  • Нұра ауданына – 75 млн теңге.

Сонымен қатар, елордада жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған көптеген тегін қысқы ойын-сауық нысандары орнатылады: мұз айдындары, сырғанақтар, фотозоналар және басқа да нысандар. Аудандарда шыршалар қойылады.

«Көшелерді жаңа жылға безендіру үшін өткен жылғы гирляндалардың, инсталляциялардың және өзге де әшекейлердің бір бөлігі қайта пайдаланылмақ. Бірқатар қоғамдық кеңістік қысқы демалыс атмосферасын қалыптастыратын тақырыптық шағын сәулеттік формалармен және жарықтық инсталляциялармен безендіріледі», деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жаңа жылдық безендіруге бөлінетін қаржы жергілікті атқарушы орган бюджеті мен демеушілер қаражатынан құралады.