Аймақтар • Бүгін, 17:20

Шымкентте есірткі жасырушының әрекеті дрон арқылы әшкере болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік полицейлер дронның көмегімен есірткіні жасырын қойып кеткен күдіктіні қолға түсірді. Ер адам рейдтік іс-шара барысында есірткі салынған түйіншектерді тығып жатқан кезінде көзге түскен, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте есірткі жасырушының әрекеті дрон арқылы әшкере болды

Фото: polisia.kz

Патрульдік камера күдіктінің кезекті түйіншекті жасырып жатқан сәтін тіркеген. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, оны қолға түсірген. 


Полицейлер заманауи технологиялардың құқық бұзушылықтарды жедел анықтауда және олардың жолын кесуге көмегі зор екенін баса айтып отыр.