Кеше «ҚазМедиа» орталығында ҚХА Кеңесінің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасына орай, кезекті брифинг ұйымдастырылды. Оған «Қазақстан жастары Конгресі» бірлестігінің атқарушы директоры Ғани Сұлтанұлы, атқарушы директордың орынбасары Айдын Сәбитов, сондай-ақ, бірлестіктің өкілдері Ерлан Қыстаубаев пен Әлия Сәрсекеева және Данияр Медетов қатысты.
«Қазақстан жастары Конгресі» еліміздің алдыңғы қатарлы жастар ұйымдарының бірі ретінде ҚХА-ның мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы бойынша өз ұстанымын білдіруді маңызды деп есептейді. Елімізде саяси-әлеуметтік тұрақтылық, этносаралық және конфессияаралық келісім сақталып келеді. Еліміздің мықты экономикалық іргетасы қалыптасқан. 2014 жылғы әлемдік дағдарысқа қарамастан, экономикалық өсім 4 пайызды құрайды. Азаматтардың әл-ауқаты күннен-күнге артып келеді, жаңа жұмыс орындары ашылуда, өңірлерде де экономикалық өсім байқалуда, деп бастады өз сөзін Ғ. Сұлтанұлы. Сондай-ақ, ол әлемде күрделі жағдай қалыптасып келе жатқанына, бұл, ең алдымен, дүниежүзіндегі экономикалық жүйенің тұрақсыздығынан туындап отырғанына, қазіргі таңда жұмыссыздық деңгейі көп елде артқанына, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық жиі байқалатынына тоқталып өтті.
Мемлекет басшысының бастамасымен «Нұрлы Жол» бағдарламасы іске асырылып келеді. Алдын ала құрылған Ұлттық қордың арқасында дағдарыс кезінде еліміз ең алдымен, экономикалық, әлеуметтік салаларды қолдауға мүмкіндік алатын болады. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жолдар салына бастады. Инфрақұрылым нысандары бой көтеруде. Бүгінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу Қазақстан қоғамында, оның ішінде жастар арасында кеңінен талқылануда. Біз бәріміз мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастаманы толықтай қолдаймыз. Дәл қазір сайлау өткізу қоғамда тұрақтылық пен бірлікті сақтауға жағдай жасайды. Бұл – алға қойған міндеттерді тиімді іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін маңызды қадам. Бұл сайлауды өткізу «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етер еді. Сондықтан, «Қазақстан жастары Конгресі» әрдайым еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуіне бағытталған бастамаларды, соның ішінде жастарға жағдай жасауға, олардың өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды әрқашан қолдауға дайын екендігін білдіреді, деді «Қазақстан жастары Конгресі» бірлестігінің атқарушы директоры.
Атқарушы директордың орынбасары Айдын Сәбитов те дүниежүзіндегі экономикалық жағдай тербелмелі күйде тұрғандықтан, сарапшылардың бағалауынша, оның салқыны бірнеше жылға созылатынын тілге тиек етті. «Сондықтан, мұндай жағдайда елдегі саяси-экономикалық тұрақтылық пен қоғамдағы бірлікті сақтау үшін дұрыс саяси бағдар ұстану айрықша өзекті болар еді, деді А.Сәбитов.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35
Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:25
Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Театр • Бүгін, 12:20
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53