Ведомство Украина тарапынан жасалған әрекеттің ешқайсысы Қазақстанға немесе басқа үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталмағанын атап өтті.
«Украина Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына қатысты Қазақстан Республикасының алаңдаушылығын назарға алды. Украин тарапынан жасалып жатқан ешқандай әрекет Қазақстанға немесе өзге үшінші тараптарға бағытталмағанын атап өтеміз. Украина барлық күш-жігерін БҰҰ Жарғысының 51-бабында бекітілген өзін-өзі қорғау құқығын іске асыру аясында Ресейдің кең ауқымды агрессиясына тойтарыс беруге жұмылдырып отыр», делінген Украина СІМ хабарламасында.
Министрлік бірнеше рет Қара теңіз аймағындағы тұрақсыздықтың негізгі себебі Ресей агрессиясы екенін баса атап өтті.
«Қазақ халқына деген өзгермес құрметімізді және Қазақстан Республикасымен тарихи жағынан қалыптасқан достық әрі прагматикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ниетті екенімізді растаймыз», делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.