Ақмола облысының әкімдігі Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы барысында жүзеге асырылған 2 жобаның тұсаукесерін ұйымдастырды.
Мұндай жобалардың бірі – Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы жылдық қуаты 20 000 тонна ет өндіруге бағытталған заманауи құс фабрикасы. Жоба құны шамамен 13 миллиард теңгені құрайды. Құс етін өңдейтін кешенде 250 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні мұнда 17 бройлер құстарының күркесі, инкубатор, сою цехы және құс етін өңдеу бойынша тораптар орналасқан. Жаңа кәсіпорында салқындатылған, ысталған, мұздатылған құс етінің 12 түрі дайындалады.
Аталған жобаны жүзеге асыру Астана қаласының нарығын отандық құс етімен толықтыруды көздейді.
Сондай-ақ, облыстың Шортанды ауданында полиэтилен өнімдерін шығару бойынша қалдықсыз өндіріс жүзеге асырылуда. Кәсіпорын соңғы үш айда ғана 1071 тонна, немесе 405 миллион теңгенің полиэтилен өнімін дайындады. Аталған өндірісті іске қосу нәтижесінде Шортанды ауылының 37 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Бүгінде өндірісте түрлі пішін мен көлемдегі полиэтилен қалташалар, ыдыс-қаптар, тұрмыстық қалдықтарға арналған пакеттер шығарылады.
Астаналық облыста 2015-2021 жылдары, ҮИИДБ-2 аясында 644 миллион 700 мың теңгенің 36 жобасы жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Осының нәтижесінде 26 900 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады. Индустрияландыру картасына енгізілген 36 жобаның ішіндегі 25 нысан үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жобалардың дені құрылыс және құрылыс материалдарының өндірісі, агроөнеркәсіп пен ауыл- шаруашылық тауарларын қайта өңдеу, көлік құрастыру және тамақ өнеркәсібі салаларын қамтиды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.

Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35
Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:25
Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Театр • Бүгін, 12:20
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50
Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 11:41
Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды
Оқиға • Бүгін, 11:35
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24
Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 11:15
Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53