Аймақтар • Бүгін, 18:15

Кәсіпкерлер Абай ауылындағы мектептің едені мен терезесін жаңартып берді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарқаралы ауданының Абай ауылында туып-өскен кәсіпкерлер «Туған жерге тағзым» жобасы аясында туған өлкесін қолдауды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Natige компаниясының басшысы Ерлан Әшім мен Toi Grand мейрамханасының иесі Ербол Қайса ауылына жыл сайын көмек береді, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіпкерлер Абай ауылындағы мектептің едені мен терезесін жаңартып берді

Абай ауылдық округінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында олар жергілікті мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуға маңызды үлес қосты.

Ерлан Әшім мектеп спорт залының еденін толықтай ауыстыруды және заманауи жөндеуді қаржыландырса, Ербол Қайса оқу ғимаратына 40 жаңа терезе орнатты.

фото

Жаңартылған мектепте мерейтойға арналған іс-шаралар мен спорттық жарыстар өтіп үлгерді. Тұрғындар мұндай игі істер ауылдағы өмір сапасын жақсартып қана қоймай, ұрпақтар арасындағы байланыс пен жауапкершілікті нығайта түсетінін айтады.

Қарағанды облысы