Фотолар: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Іс-шара шеңберінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен шыққан Жұмекен Нәжімеденовтің таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Аталған министрліктің мәліметінше, кеш соңында Геральдикалық зерттеулер орталығы мен балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газеті бірлесе ұйымдастырған «Туған жерім менің, Қазақстаным» атты әңгімелер байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Аталған байқау Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына және «Ұлан» газетінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылды. Сайысқа еліміздің әр өңірінен 50-ден астам оқушы қатысты.

Сонымен қатар іс-шара барысында «Ұлан» газетінің жас тілшілеріне арнайы куәлік табысталды.