фото: Netflix logo | bloomberg
Netflix платформасы Champions League матчтарын Ұлыбританияда көрсету құқығы үшін болған бәсекеде Paramount+ платформасынан жеңіліп қалған. Сол үшін де спорт бағыты Netflix үшін басым бағытқа айналды.
Енді америкалық алып компания назарын Премьер-лигаға бұрды. Платформа Ұлыбританияда матчтарды көрсету мүмкіндігі үшін Sky Sports және TNT Sports телеарналарымен бәсекеге түспек. Сонымен қатар Netflix дәл осы құқық үшін АҚШ-та NBC телекомпаниясымен де жарысады.
Қазіргі уақытта Ұлыбританиядағы Премьер-лига матчтарын теледидардан көрсету құқығы 2029 жылға дейін бөлінген. Ал NBC-мен жасалған келісім 2028 жылға дейін күшінде. Келесі кезеңге арналған құқықтарды бөлу алдағы он екі ай ішінде өтеді.
Айта кетерлігі, әлеуетті хабар таратушылары қатарына Netflix-тің қосылуы Премьер-лига клубтарының табысын арттыруы мүмкін. Себебі мұндай ірі платформаның саудаға қатысуы теледидардан көрсету құқығының сату құнын арттырады.