Оқиға • Бүгін, 12:56

Байқоңырда «Союз МС-28» зымыранын ұшыру кезінде аса қауіпті жағдай тіркелді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Байқоңыр» ғарыш айлағында апат болды. Кеше Астана уақытымен сағат 14:27-де ұшырылған зымыран-тасығыштың бір бөлігі Ұлытау облысынан табылды. «Роскосмос» зымыран ғарыш станциясымен сәтті түйіскенімен, зақымданған бөліктер бар екенін растап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Байқоңырда «Союз МС-28» зымыранын ұшыру кезінде аса қауіпті жағдай тіркелді

Фото: Роскосмос

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы «Союз МС-28» зымыраны ұшырылғаннан кейін әдеттегідей ұшыру алаңы тексерілгенін хабарлады. Ұлытаудан табылған зымыранның металл конструкциясы «Союз МС-28» зымыранына тиесілі екені белгілі болды. 

Аталған зымыранда ресей ғарышкерлері мен NASA астронавты болған. Олардың арасында 74-ші экспедицияның мүшелері ғарышкерлер Сергей Куд-Сверчков пен Сергей Микаев және астронавт Кристофер Уильямс бар. 

Құрам ғарышта 242 күн зерттеу жүргізіп, жерге 2026 жылдың шілдесінде оралады. 

Ал «Роскосмос» ұшу айлағында табылған зымыранның құрамдас бөлшектері жедел қалпына келтірілетінін мәлімдеді.

Зақымданған бөлшектер құлаған аймақ тұрғындарына экологиялық қауіп төндіріп тұр ма? Бұған дейін оқиғаға қатысты мамандардың жауабын жариялаған болатынбыз.