Фото: kyn.kz
Біршама уақыттан кейін алданғанын түсінген қарт құзырлы органдарға арыз түсірген. Жедел іске кіріскен полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ерлі-зайыптылардың жеке басын анықтады.
Осылайша күдіктілер 25 қарашада оқиға болған уақыттан үш күн өткен соң ұсталды. Тергеу барысында олардың Петропавл қаласында тұратыны белгілі болды. Курьер-дропперлерді Көкшетаудағы нұсқаушылар жұмсап, алынған қаржыны өз есеп шоттарына аудартқан.
ІІМ мамандары ерлі-зайыптылардың осы сипаттағы тағы бір іске қатысы барын, ол оқиға бойынша жәбірленушілердің 1,5 млн теңге сомасындағы қаржысына залал келтіргенін анықтады.
Қазір алаяқтыққа байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған.