Төтенше жағдай • Кеше

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам оттың ортасында қалды, деп хабарлайды ТЖМ.

Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды

Оқыс оқиға бүгін Қарағанды қаласының Мұқанов көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде болған. ТЖМ мәліметінше, жертөледе электр кабельдері жанған.

– Өрт қатты түтінмен, ашы иіспен және кіре берісте түтіннің тез таралуымен қатар жүрді, бұл жоғарғы қабаттардың тұрғындарына қауіп төндірді. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері жедел келіп, барлау мен адамдарды  эвакуациялауға кірісті. ТЖМ күштері құтқару қалпақтарының көмегімен 15 адамды оның ішінде бес бала құтқарып, 20 адам, оның ішінде бес баланы эвакуациялады. Адамдарды жылыту үшін арнайы "Вахтовка" арнайы көлігі жұмылдырылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің және сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар