– Белгіленген тәртіпке сәйкес, ұйымдағы кезекті төрағалық Ресей Федерациясына өтеді, – деді Жапаров ҰҚШҰ саммитінде.
Ұйымға мүше елдердің басшылары келесі кеңес отырысын 2026 жылғы 11 қарашада Ресейде өткізу туралы шешім қабылдады.
ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің ұсынысы бойынша Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және ҰҚШҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы қорытындысы бойынша әзірленген құжаттар қабылданды.
Қырғызстан 2025 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық етті.
Ұйымның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері кіреді.