Күрес • Кеше

Grand Slam турнирінде 14 дзюдошы жүлдеге таласады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Grand Slam турнирі – Абу-Даби (БАӘ) қаласында өтеді. Оған қатысатын Қазақстан құрамасының соңғы тізімі жарияланып отыр. Балуандардың арасында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар, деп жазады Egemen.kz.

Grand Slam турнирінде 14 дзюдошы жүлдеге таласады

Фото: ҰОК

Дүбірлі дода қараша айының 28-30 күндері аралығында өтеді.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, турнирге елімізден 14 балуан қатысады. 

Ерлер

60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан.

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев.

73 келіге дейін: Есет Қуанов.

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай.

90 келіге дейін: Ермахан Әнуарбеков.

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров.

100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев.

Әйелдер

48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова.

57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева.

63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова.

Соңғы жаңалықтар