Мұндай бассыздық Петропавлда көптен бері орын алып келеді. Тұрғындар мен тиісті органдардың қарсылығына, құжаттарының дұрыстығына қарамай ғимаратты салып тастайды да, сосын ұзақ-сонар сот процесстері арқылы, құрылысты түрлі жолдармен заңдастырады.
Қала орталығындағы «Достық» сауда-демалыс орыны да сол жолмен бұзылудан аман қалған. Жуырда Петропавлдың алғашқы инстанциялық соты А.Беспаловтың құрылысын түбіне дейін қиратып, жерді босату туралы шешім шығарды. Бірақ ол әлі заңды күші жоқ шешім.
Енді А.Беспалов облыстық сотқа арызданып, шешімді өзгертуге құқы бар. Сөйтіп, ұзақ-сонар сот процесі арқылы бармақ басты, көз қыстылықпен өзінің заңсыз ғимаратын заңдастырып алуы мүмкін.
ПЕТРОПАВЛ