Шабуыл кезінде «Ұшқышсыз ұшақ қаупі» дабылы қосылып, барлық қызметкер қауіпсіз аймаққа дер кезінде эвакуацияланған. Зардап шеккендер жоқ.
Теңіз – Новороссийск құбырының жұмысын бақылайтын Оңтүстік Озереевкадағы басқару орталығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Соған қарамастан, дрон соққысы салдарынан теңіздегі жүк тиеу операциялары уақытша тоқтатылған.
Каспий құбыр консорциумы оқиғадан кейін мұнай тиеу жұмыстары қайта басталғанын мәлімдеді. Жүк жөнелтушілердің мұнайды КҚК жүйесіне қабылдауы соңғы күндері штаттық тәртіпте жүріп жатқан.
2025 жылы КҚК инфрақұрылымы бірнеше рет дрондық шабуылға ұшырады. Бұған дейін «Кропоткинская» және теңіз терминалының қалалық кеңсесі зақымданған еді. Бұл оқиғалар Теңіз – Новороссийск экспортының әлсіз тұстарын көрсетіп, тасымалдың үздіксіздігіне қатысты қауіптің бар екенін аңғартады.
Қазақстан мұнайын тасымалдау жалғасып жатыр. Дегенмен жиілеп кеткен шабуылдар инфрақұрылымның осалдығын күшейтіп, болашақта экспорттық желіде іркілістер болуы мүмкін екенін көрсетеді.