Медицина • Бүгін, 17:26

Медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер қатаң жазаланады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер қатаң жазаланады

Фото: Ашық дереккөз

Құжатты денсаулық сақтау қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсеткені үшін жазаны күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес депутаттар әзірлеген.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекске медицина мамандарына немесе жедел жәрдем жүргізушілеріне қызмет міндетін орындау кезінде күш көрсеткені, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктейтін жаңа бап енгізіледі.

Қауіпті емес күш қолданған жағдайда: 

  • 500-1000 АЕК айыппұл;
  • немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс;
  • 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу/айыру.

Ауыр әрекет жасаған жағдайда: 

  • 3-7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.  

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданған жағдайда: 

  • 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Ауыр жағдайда 7-12 жылға дейін.

Қылмыстық-процестік кодексте ішкі істер органдары осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізуге құзыретті болып белгіленді.