Қоғам • Бүгін, 16:51

Киберқылмыстың алдын алу мақсатында семинарлар өткізілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлермен қатар оқыту курстарына прокуратура, сот, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы өкілдері және халықаралық деңгейдегі IT-мамандары қатысқан, деп жазады Egemen.kz.

Киберқылмыстың алдын алу мақсатында семинарлар өткізілді

Фото: Polisia.kz

Соңғы кездері қылмыскерлер заңсыз табыстарын жасыру үшін криптовалюта платформаларын пайдаланып цифрлық активтерге айналдыруға көше бастаған.

Осыған байланысты, Ішкі істер министрінің тапсырмасымен «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында қазан-қараша айларында Тараз, Семей, Орал, Қарағанды қалаларында оқыту семинарлары өткізіліп, еліміздің барлық аймағынан 1 500-ден астам тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер қатысқан.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, семинарлардың қорытындылары бойынша киберқылмысқа  қарсы іс-қимыл жұмыстарын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.  

Жалпы, соңғы екі жылда интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тәсіліне үйрету семинарлары еліміздің басқа қалаларында да өткізіліп, 3 мыңнан астам жедел-тергеу қызметкері қамтылған.