Еліміздің көлік секторын экологиялық тұрғыдан жақсарту, газмоторлық инфрақұрылымды дамытуды көздейтін инвестициялық жобаны «QazMetanPro» ЖШС жүзеге асырды.
Бұл станция тәулігіне 500 көлікті газбен қамтамасыз ете алады. Оған жүк, жолаушы және транзиттік көліктер, соның ішінде Қытай, Ресей, Өзбекстан бағытындағы маршруттар да кіреді. Сондай-ақ станция 50 жаңа жұмыс орнын ашуға және табиғи газды мотор отыны ретінде кеңінен пайдалануға, транзиттік жолдағы қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Алдағы жылы осы жобаның жалғасы ретінде 50 газмоторлық қоғамдық көлік сатып алу және жаңа автобустар паркін салу жоспарланған.