Бокс • Бүгін, 16:08

Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларамен жекпе-жегін қайдан көруге болады?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 6 желтоқсанында орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF белбеулерін қорғап, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Ларамен үш белбеуді сарапқа салады. Жекпе-жек «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларамен жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Фото: ©boxingscene

Жекпе-жек Frost Bank Center аренасында, АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді.

Сонымен қатар осы кеште кіші Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус жұдырықтасады. 

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Астанада өткен кездесуінде Анауэль Нгамиссенгені 5-раундта нокаутқа жіберіп, белбеулерін сәтті қорғаған еді.