Оқиға 22 қараша күні болған.
«Өндірістік жұмыстарды орындау барысында өлімге алып келген жазатайым оқиға тіркелді. 1994 жылғы Александр Мещанов экскаваторды тарату құрылғысына қосу кезінде өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алған. Оқиғаның мән-жайы мен себебі тергеу барысында анықталады», делінген полиция хабарламасында.
Оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады.
«Богатырь Көмір» компаниясы қаза тапқан жұмысшының отбасына қажетті барлық көмек көрсетілетінін айтты.
Айта кетейік, «Богатырь Көмір» – еліміздегі ең ірі көмір кенішінің бірі, ол Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарын көмірмен қамтамасыз етеді.