Футбол • Бүгін, 11:41

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Копенгаген» клубымен ойнайды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайрат» клубының футболшылары мен жаттықтырушы құрамы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчқа қатысу үшін Данияға жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Копенгаген» клубымен ойнайды

фото: fckairat

«Копенгаген» – «Қайрат» матчы Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында 26 қараша, сәрсенбі күні өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

Қос команда да әзірге турнирдің жалпы кезеңінде жеңіске жеткен жоқ. Екі команда да төрт ойыннан кейін бір ұпайдан жинаған.