Қоғам • Бүгін, 09:56

Биыл көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар қанша теңге жәрдемақымен қамтылды?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 603 мың отбасы 436,5 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 243,4 мың адам 65,2 млрд теңгеге қамтылған, деп жазады Egemen.kz.

Биыл көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар қанша теңге жәрдемақымен қамтылды?

Фото: Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;

«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқан.