Осындай үлгілі азаматтардың бірі -30 жылдық тәжірибесі бар жүргізуші Светлана Швачкина. Үш онжылдықтың ішінде ол бірде-бір рет жол қозғалысы ережесін бұзбаған және жол-көлік оқиғасына қатыспаған.
«Көлік жүргізіп келе жатқаныма 30 жылға жуықтады. Осы уақыт ішінде ешқашан ереже бұзған емеспін. Бүгінде жолда жүріс-тұрыс мәдениетін қаладағы №95 мектеп-гимназиясында балаларға үйретіп жүрмін. Онда “Сирена” жас жол қозғалысы инспекторлары үйірмесін басқарамын. Жол қауіпсіздігін мектеп қабырғасынан бастап үйрету - өте маңызды», - деді Светлана Швачкина.
Полиция өкілдерінің айтуынша, акция аясында облыс орталығында 100-ге жуық жүргізушіге осындай құрмет көрсетілген.
«Шара “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізіліп жатыр. Мақсат - жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында ереже сақтауды насихаттау», - деп мәлімдеді
Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Татьяна Малиновская.
Акция барысында Светлана Швачкина барша жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырды:
«Барлық жүргізушілерге жол жүру ережесін қатаң сақтауды, жылдамдықты асырмауды және қарсы бағытқа шықпау керектігін ескертемін», -деді ол.