Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Қайтарылған қазына

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегияда 67 жастағы Ян Гуннар Фугельснес бала кезінде тапқан қазынаны 60 жыл бойы ешкімге айтпай сақтап келген.

Қайтарылған қазына

Сурет ашық дереккөзден алынды

1964 жылы ол ағасымен бірге ойнап жүріп, шіркеудің астындағы балшықтан көне монеталар, инелер, бірнеше металл бұйым тауып алған. Балалар ол заттарды жай ойыншық сияқты көріп, тығып қойған да ұмытып кеткен. Шіркеу маңында археологиялық қазба жұмыстары басталғанда ғана Фугельснес оқиғаны есіне түсіріп, артефактілерді мамандарға тапсырған. Зерттеу нәтижесінде 14 монетаның күмістен жасалғаны, олардың XIV ғасырдың басына тиесілі екені анықталды. Ал табылған инелер 700 жыл бұрын жасалған болып шықты.