Заң мен Тәртіп • Бүгін, 07:57

Киберқадағалау күшейе түсті

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Киберқылмыс пен интернеттегі алаяқтықпен күресу үшін жаңа цифрлық шешім кеңінен қолданылып жатыр. Күдікті транзакцияларды автоматты түрде анықтайтын алгоритмдер жасанды интеллект көмегімен қолданылады. Сонымен қатар Ұлттық банк пен Ішкі істер министрлігіне ортақ «Антифрод-орталық» жүйесі алаяқтық транзакцияларын дер кезінде бұғаттауға мүмкіндік беріп отыр. Осы бағытта «KazDream», «Seven Hills of Kazakhstan» мекемелері жасаған бағдарламалардың да көмегі көп.

Киберқадағалау күшейе түсті

Сурет: sarkan-gazeta.kz

Дегенмен интернетті пайдаланатын алаяқтар да айласын асырып, азаматтардан ақша жымқырудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып отыр. Полицейлер осыдан да ұялы телефон ұстаған кез келген адам алаяқтардың арбауына түсуі мүмкін екенін айтады. Ғаламтор желісіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде заңға қайшы белгілері бар 5,5 мыңнан аса сайт пен сілтеме анықталып, бұғаттау үшін «Киберқадағалау» жүйесіне енгізілді. Құзырлы органдар халық арасында сақтық шараларын үнемі ескертіп, нәтижелерін әлеуметтік желілерде кеңінен жариялап та келеді. Соған қарамастан, жиған қаржысын алаяқ­тарға ұстатып, амалы құрып отыр­ғандар аз емес.

Биылғы 9 айда облыс көлемінде интернеттегі алаяқтық қылмыстың 454 дерегі тіркеліп, өткен жылдың ­осы кезеңімен салыстырғанда 128%-ға өсіп­ті. Байқоңыр қаласында жүргізілген ­же­дел-іздестіру іс-шаралары нәтиже­сінде ­24 жас­тағы тұрғыннан ұялы байланыс жүйелерін заңсыз пайдалану арқылы абоненттік нөмірлермен бір мезетте жаппай қоңырау шалуға арнал­ған 32 слотты «Sim-бокс» құрылғысы табылды. Оның баспанасын тінту барысында «Sim-бокс» құрылғысынан бөлек, 2 ноутбук, модем және банктік төлем карталары анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленген.

Алматы мен Түркістан қалаларында жүргізілген операциялар нәтижесінде көптен бері азаматтардың қаражатын алаяқтық жолмен жымқырып, табыс көзіне айналдырып келген қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар «Instagram» желісінде «Несие алуға көмектесеміз!» деген жалған жарнама жариялап, қызығушылық танытқан азаматтарды алдап, аттарына несиелер рәсімдетіп, қаражаттарын букмекерлік кеңселері арқылы заңсыз иемденіп отырған. Тергеп-тексеру барысында осы қылмысты ұйымдастырушы 24 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны Алматы қаласынан ұсталды. Күдіктіден қылмыстық мақсатта қолданылған 3 ұялы телефон, 14 SIM карта, банктік төлем карталары және 2 пакетке са­лынған есірткі затына ұқсас ақ түсті ұн­тақ айғақ зат ретінде тәркіленді. Қыл­мыстық схеманың қалған 4 қаты­су­шысына қатысты тергеп-тексеру әрекеті жүргізіліп жатыр. Бұған дейін 131 эпизодты интернеттегі алаяқтық қылмысын жасаған Астана қаласының 30 жастағы тұрғыны құрықталып, оған қатысты қылмыстық істердің барлығы сотқа жолданған еді.

«Киберқадағалау» ақпараттық жүйе­сінің әлеуметтік желіде жүргіз­ген мониторингі арқасында алаяқтық­тан бөлек синтетикалық есірткіні жар­намалап келген 1 120 сайттың жұмы­сы тоқтатылыпты. Жалпы, есірткі қыл­мысын болдырмау бағытында жыл басынан бері 237 құқық бұзушы­лық анықталып, заңсыз айналымнан 1 тон­на 570 килограмм есірткі заттары тәркіленген.

 

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар

Шығыс шонжарлары

Руханият • Бүгін, 08:25

Ордадағы жәрмеңке

Руханият • Бүгін, 08:23

Мәртебелі мамандық иесі

Білім • Бүгін, 08:20

Қадыр ақынның қарындашы

Руханият • Бүгін, 08:17

Қалам қиcайса, қасірет

Пікір • Бүгін, 08:15