Футбол • Бүгін, 11:55

УЕФА рейтингі: Қазақстан құрамасы Фарер аралдарын озып, 115-орынға тұрақтады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу матчтары аясында Бельгия мен Фарер аралдарына қарсы өткізген ойындарынан кейін УЕФА рейтингінде өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

УЕФА рейтингі: Қазақстан құрамасы Фарер аралдарын озып, 115-орынға тұрақтады

Фото: Ашық дереккөз

УЕФА әлем чемпионатына іріктеудің соңғы кезеңі аяқталғаннан кейін жаңа рейтингін жариялады.

Қазақстан құрамасы алдымен өз алаңында Бельгиямен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Кейінірек достық кездесуінде Фарер аралдары құрамасына 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Рейтингтегі алғашқы ондық:

  1. Испания,
  2. Аргентина,
  3. Франция,
  4. Англия,
  5. Бразилия,
  6. Португалия,
  7. Нидерланды,
  8. Бельгия,
  9. Германия,
  10. Хорватия.

Ал Қазақстан 115-орында тұр. Фарер аралдары 125-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы төртінші орынға ие болып, әлем чемпионатының іріктеуінен өте алмады. Бельгия тікелей турнирге жолдама алды, ал, Уэльс пен Солтүстік Македония іріктеудің плей-офф кезеңінде бақ сынайды.