Фото: Қорғаныс министрлігі
Жобаға зор дайындықпен келген ол алғашқы әнін орындағаннан-ақ 3 бірдей тәлімгердің назарын өзіне аудартты.
«Қазақстанды үлкен сахнада таныстыру – мен үшін үлкен мәртебе. Әр әнімді жүрегіммен орындаймын, адамдар менің Отанға деген сүйіспеншілігімді сезінсе деймін», деді жас әнші.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 12 жастағы алматылық Жасмина Түзелова Ауған соғысы ардагері Мұратбек Өтеевтің отбасында дүниеге келген. Вокалмен айналысуды 5 жасынан бастаған. 8 жасында ұлттық «Бала дауысы» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 2023 жылы Жасмина халықаралық «Балалардың Жаңа толқыны» фестивалінің финалында тамаша өнер көрсеткен. Ал 2025 жылы Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбль ұжымымен бірге Жеңістің 80 жылдығына арналған «Спасск мұнарасы» XVII Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысты. Қызыл алаңда ол аңызға айналған «Әлия» әнімен көрермендерді тамсандырды.
«Жасмина кішкентайынан шығармашылыққа жақын. Оның әрбір жеңісі – үлкен еңбектің нәтижесі. Қызымыздың басқа балаларға шабыт беріп, өзіне сенуге үйретіп жүргеніне қуаныштымыз», дейді анасы Гүлзия Өтеева.