Фото: Inform.kz
Биыл Қазақстан экономикасы тұрақты сапалы өсім көрсетіп отыр. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,4%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Оның мәліметтері бойынша, нақты сектордағы өсу қарқыны 8,2%-ды құрады, ал қызмет көрсету өндірісі 5,3%-ға өсті. Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 20,7%-ға), құрылыс (15,1%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,6%-ға) ең жоғары өсімді көрсетеді. Сауда – 9%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 5,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,4%-ға өсті.
Баяндамада өңдеу өнеркәсібіне ерекше назар аударылды, онда жалпы өсім 5,8%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда өңдірістің 11,5%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда – 13,3%-ға, тамақ өнімдерінде – 9,1%-ға, сусындарда – 8,7%-ға, химия өнеркәсібінде – 10,9%-ға, мұнай өңдеуде – 6,3%-ға, металл бұйымдарында – 14,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
2026-2028 жылдары экономика жылына орта есеппен 5%-дан төмен емес деңгейде өсетін болады
«Сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін шикізаттық емес секторларды дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға, экономиканы технологиялық жаңартуға және цифрландыруға баса назар аударылатын болады. Жыл сайын өңдеу өнеркәсібі мен АӨК-де 100-ден астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Металлургия, машина жасау, мұнай-газ химиясы және АӨК-де жоғары қайта бөлудің 17 ірі жобасын жүзеге асыру жалғасуда. 2029 жылға дейін Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды жүзеге асыру маңызды рөл атқаратын болады. Белсенді кезеңге Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру кіреді», деп атап өтті Серік Жұманғарин.