Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында «Бәйтерек» Холдингінің рөлін күшейту жоспарлары туралы хабарлады. Оның айтуынша, холдингтің негізгі қызметі бөлу қызметінен стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталады.
Қазір «Бәйтерек» елдің инвестициялық холдингіне айналып, 15-20 жүйе құраушы жобаны жүзеге асыруға шоғырланбақ.
Қаржыландырудың басым бағыттары ретінде тау-металлургия, машина жасау, энергетика, инфрақұрылым, туризм, агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, химия, мұнай-газ химиясы, агрохимия және құрылыс материалдарын өндіру көрсетілді.
«Үкімет республикалық бюджет параметрлеріне сәйкес 2026 жылы «Бәйтерек» АҚ-ға 1 трлн теңгеге дейін қаражат бөлуді жалғастырады. Бұдан кейін қаржыландырудың негізгі көзі ретінде екінші деңгейдегі банктердің ресурстары тартылады», деді Серік жұманғарин.