Елорда • Бүгін, 01:21

Астана әкімдігі қайтыс болған фельдшердің отбасына көмек көрсетілетінін мәлім етті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімдігі қалалық жедел жәрдем стансасының фельдшері, марқұм Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әкімдігі қайтыс болған фельдшердің отбасына көмек көрсетілетінін мәлім етті

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлдана Мырзуанның отбасына тиісті қолдау көрсету жоспарланып отыр.

– Отбасына жан-жақты көмек көрсету көзделген. Атап айтқанда, материалдық көмек көрсетіледі, сондай-ақ жерлеу рәсімін ұйымдастыруға байланысты шығындар өтеледі. Бұған қоса, белгіленген тәртіппен сақтандыру төлемі қарастырылған, – делінген Астана әкімдігінің мәлімдемесінде.