Әлем • Кеше

Әйгілі әуе компаниясы бортта гаджет пайдалануға тыйым салды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшу кезінде сыртқы аккумуляторларды (power bank) пайдалануға толық тыйым салынатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әйгілі әуе компаниясы бортта гаджет пайдалануға тыйым салды

Компания ресми Telegram-арнасында жаңа талаптардың 20 қарашадан бастап күшіне енетінін жариялады. Өзгерістер литий-ионды батареяларға қатысты қауіптің алдын алуға және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Power bank – смартфон, планшет, ноутбук және басқа да электронды құрылғыларды қуаттайтын портативті аккумулятор.

Негізгі жаңа талаптар:

  • Бортта сыртқы аккумуляторларды қолдануға толық тыйым салынады;
  • Power bank-ті ұшақтың ішкі электр жүйесіне қосуға болмайды;
  • Құрылғыларды үстіңгі сөрелерге қоюға рұқсат жоқ, олар жолаушыда - экипаж жылдам қол жеткізе алатындай жерде болуы керек;
  • Қуаттылығы 100 ватт-сағатқа дейінгі бір ғана зауыттық power bank-ті қол жүгінде алып жүруге рұқсат;
  • Қуаты 100-160 ватт-сағат аралығындағы құрылғыларды тек компанияның алдын ала келісімімен алып жүруге болады.

Azerbaijan Airlines осылайша сыртқы аккумуляторларды тасымалдау ережелерін қатайтқан тағы бір тасымалдаушы болды. Бұған дейін бірқатар ірі әуе компаниялары осындай шектеулер енгізген.

Бұған дейін Emirates 1 қазаннан бастап power bank-ті қолдануға толық тыйым салды. Қол жүгінде біреуін алып жүруге болады, бірақ ұшу кезінде пайдалануға болмайды.

Air Astana мен FlyArystan да ережелерін жаңартты: барлық қосымша литий батареялар — соның ішінде power bank тек қол жүгінде тасымалданады. Тіркелген багажда алып жүруге тыйым салынған.

 

Соңғы жаңалықтар