Мұндай тәжірибенің бірін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Heriot-Watt университеті енгізді. Plenitude Kazakhstan Компанияның бас директоры Федерико Пульезе Ақтөбе кампусында білім алушыларға компанияның жаңартылатын энергия көздерінің жүзеге асу барысын түсіндірді. Спикер «Electrical Power Engineering» білім беру бағдарламасымен оқып жатқан студенттерге жел электр станциясының толық жұмыс циклі, техникалық үдерістерін айтып берді.

Айта кетсек, Ақтөбе облысының Қарғалы және Хромтау аудандарында орналасқан Бадамша-1 және Бадамша-2 жел электр станциялары бүгінде өңірдің негізгі электр энергия көзіне айналып отыр. Жалпы қуаты 96 мегаватт болатын бұл нысандар – еліміздегі алғашқы жеке қаржыландырылған жел станцияларының бірі. Заманауи General Electric турбиналарымен жабдықталған станциялар жыл сайын жүздеген миллион киловатт-сағат экологиялық таза энергия өндіреді. Осы жобаларды жүзеге асырып отырған Plenitude Kazakhstan компаниясы елімізде сондай-ақ Shaulder күн электр станциясы (50 МВт) мен Маңғыстау гибридті энергия жобасын іске асырып келеді.
Спикер елімізде ашылған Heriot-Watt университетінің кампусында «Electrical and Electronic Engineering» бағдарламаларының маңызын атап өтіп, ағылшын тілінде білім алу болашақ инженерлердің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретінін айтты.