Оқиға • Бүгін, 17:01

БҚО-да екі көлік соқтығысып, 8 адам көз жұмды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қараша күні Чапай – Жаңақала – Сайқын облыстық маңызы бар автожолдың 50-шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, бір көлік өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да екі көлік соқтығысып, 8 адам көз жұмды

Фото: БҚО ПД

17 қараша күні Чапай – Жаңақала – Сайқын облыстық маңызы бар автожолдың 50-шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, бір көлік өртенді.

Оқиға салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді. «Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша жүргізушінің бірі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен болуы мүмкін», дейді БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев.

апат

«Ауа райы қалыпты және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық болған, көрініс жақсы, қозғалысқа сыртқы кедергілер болмаған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары, жедел тергеу тобы және ТЖ департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының толық мән-жайы тергеу аясында анықталады», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір оқиға орнына полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, анықтау жұмысын жүргізіп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған 4 науқастың да жағдайы орташа деңгейлі ауыр екенін, Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Оларға медициналық тексеру жүргізіліп, ем жасалып жатыр

Соңғы жаңалықтар