Фото: Видеодан алынған кадр
«Өрт сөндіру қызметі, полиция және жедел жәрдем таңғы сағат 9:01-де келді. Зардап шеккендер жоқ. Жарылыстан медициналық орталықтың және бір жеңіл көліктің терезелеріне зақым келді», делінген хабарламада.
Қазір электр желісі компаниясының қызметкерлері нысанды электрден ажырату бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Сонымен қатар Әуезов ауданында 5, 8, 9, 10 және Сайран шағын аудандарында электр қуатының апатты түрде өшіп қалғаны туралы хабарланды. Басқа барлық шағын аудандар таңғы сағат 9:50-ден бастап электр қуатымен қамтамасыз етілген.