Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Ата-аналарға арнайы дайындықтан өткен педагогтер мен психологтар дәріс береді, ең көп сұранысқа ие тақырыптар: «Тәрбиелеу – жеке үлгі арқылы» және «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы». Бұл сабақтарда ата-аналар сенімді нығайту, баламен эмоционалды байланыс орнату және тәуекелдердің алдын алу бойынша пайдалы кеңестер алады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сауалнама нәтижелері ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасының жақсарғанын көрсетіп отыр. Зерттеу сұрақтарына жауап берген ата-аналардың 72,6% балаларымен күнде сөйлесе бастағанын, 89,6% қиындықтарға дер кезінде жауап беріп үйренгенін, 78% баланың ортасын жақсы тани бастағанын алға тартып отыр. Әрбір екінші ата-ана тәрбиелеу тәсілін қайта қарауға дайын, ал шамамен үштен бірі балалардың оқу және мәдени дамуына белсенді қатыса бастағанын айтады.
Айта кетелік, ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтары 2023 жылы «Адал Азамат» бағдарламасы шеңберінде елдегі барлық мектептерде іске қосылды.