Президент • Бүгін, 14:11

«Орталық Азия плюс» форматына қызығушылық артып келеді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өткенін атап өтті. Осы орайда Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артты, деп жазады Egemen.kz.

«Орталық Азия плюс» форматына қызығушылық артып келеді

– Бұл елдеріміздің дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа кеңінен жол ашты. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері өңірдің жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқаратынын мойындайды. Сондықтан «Орталық Азия плюс» форматына қызығушылық артып келеді. Бұған биыл негізгі шетелдік серіктестермен өткен саммиттер дәлел бола алады. Менің ойымша, мұндай серіктестіктің басты мақсаты – өңірдегі тұрақтылықты нығайту және орнықты прогресс үшін жағдай жасау, елдеріміз бен халықтарымыздың әл-ауқатын, бақуатты тұрмысын қамтамасыз ету. Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамыған әрі жан-жақты ынтымақтастық пен бейбітшілік орнаған берекелі өңір ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейміз, – деді Қазақстан Президенті. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ілтипат білдіріп, Әзербайжанның аталған кеңеске толық мүше ретінде қосылуын тарихи шешім деп бағалады. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері өз тиімділігін дәлелдегенін айтты.

 

ТАШКЕНТ