Саясат • Бүгін, 09:20

Креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында Орталық Азия елдерінің мәдениет министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мәдениет министрліктерінің басшылары, сондай-ақ құрметті қонақ ретінде Әзербайжанның Мәдениет министрі қатысты.

Креативті өнімдердің бірыңғай маркетплейсін құруды ұсынды

Сурет: mysty-onir.kz

Әріптестеріне жылы лебізін білдірген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл алғашқы кездесу Орталық Азия елдері арасындағы мәде­ни ынтымақтастық тарихын­дағы маңызды кезең еке­нін атап өтті. Оның айтуын­ша, бұл жиын өңір елдері­нің мәдени байланыста­рын нығайтып, өзара ынты­мақтастықты жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ ұмты­лыстың айқын дәлелі.

«Бүгінде алдымызда мәдени кеңістіктің дамуына қосымша серпін беретін нақты шаралар мен бастамаларды келісіп қабылдау міндеті тұр», деп атап өтті министр.

Аида Балаева Орталық Азияның мәдени күнтізбесін әзірлеу бастамасын ұсынды. Бұл құжат өңірдегі маңызды мәдени шараларды жүйе­леуге және біріктіруге мүм­кіндік береді.

Министр, сондай-ақ, Ор­талық Азияның Мәдени турне платформасын іске қосуды ұсынды. Бұл механизм өңірлік гастрольдік бағдарламаларды, рет­рос­­­­пек­тивалық көр­ме­лер­ді және архивтік фильмдерді мін­детті түрде цифр­лан­дыруды көздей­тін аймақ­аралық кинокөрсе­тілім­де­рін жыл сайын тұрақты түр­де өт­кізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар министр ғылыми және тарихи ынтымақтастықты дамыту мәселесіне де ерекше тоқталды.

«Орталық Азия елдері­нің ғылыми, деректі және әде­би архивтік мате­риал­дарының көшірмелерімен алмасу бойынша ауқым­ды әрі өзара тиімді ынты­мақтастық орнату да пайдалы болар еді. Өз тарапымыздан бізде бар, сіздердің елдеріңізге қатысты материалдарды бөлі­суге дайын­быз. Мұндай алма­су өңірдің тарихы мен мәдениетін зерттеу­де күш біріктіруге, бар олқы­лықтарды толтыру­ға, жекелеген оқиғалар­­дың жаңа қырларын ашуға, сон­дай-ақ ­­көрнекті тұл­ғалардың еңбегіне неғұрлым толық әрі объек­тивті баға беруге мүмкіндік береді», деп атап өтті Аида Балаева.

Сөз соңында министр Орталық Азияның бірың­ғай цифрлық платформасын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл заманауи креативті индус­триялар маркетплейсі қол­өнершілерді, дизай­нер­лерді, зергерлерді және шығар­машылық сала­ның басқа да өкілдерін насихаттауға арналған орта болмақ.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан арғы ынтымақтастықтың негізгі міндеттері мен ба­ғыттарын айқындаған хат­тамаға қол қойды. Құ­жат аясында сондай-ақ «Ор­талық Азияның мәдени брен­ді» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Соңғы жаңалықтар