Аймақ-атырапқа танымал арыс азамат Балапан Зипатоллаұлының есімін ел жадында сақтау мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар өзара бақ сынасып, үздіктерді анықтады.
Жарысқа қатысқан командалар турнир ережесіне сәйкес екі себетке бөлінді. Әр себет өз ішінде төрт командадан топтастырылды. Әр ұжым топтық кезеңде үш ойын өткізді. Нәтижесінде, топтық сын қорытындысында жоғары ұпай еншілеген екі команда келесі кезеңге, 1/16 финалға жолдама алды. Бұдан кейін жарыс плей-офф жүйесімен жалғасты. Жеңген команда келесі кезеңге өтіп, жеңілгендері жарыс жолынан шығып қала берді.
Екі күнге созылған тартысты додада 1-орынды елордалықтар иеленді. 2-орынды «Жаңаарқа – 2012» командасы еншілесе, қарағандылық «Жас қыран» клубы үздік үштікті түйіндеді. Мұнымен қоса, «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Көрермендер көзайымы» сынды аталымдарда үздіктер анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Қарағанды облысы