Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл жүйе шамамен 1–1,25 км дәлдікпен жұмыс істейді. Яғни табиғаттағы ұсақ өзгерістердің өзіне дейін көрінетін деңгейде. Модель энергия, су, көміртегі қозғалысын есепке алады. Бұл неміс мамандары әзірлеген ICON атты қуатты климат моделінің негізінде жасалған. Бұндай күрделі симуляцияны іске қосу үшін мыңдаған графикалық және орталық процессор қолданылған. Климат ғылымында мұндай көлемдегі есеп алғаш рет орындалып отыр. Модель арқылы алдағы климат өзгерістерін дәл болжауға болады. Осылайша, қауіп-қатерді алдын ала анықтап, табиғат апаттарының ауыр салдарын болдырмауға күш салынбақ.